Елімізде театр билеттері 26%-ке қымбаттады

Azattyq Rýhy

Анти-көшбасшылар үштігінде Алматы облысы бірінші тұр

Елімізде театр билеттері 26%-ке қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Демалыс және спорт саласындағы қызмет көрсету құны бір жылда 60%-ке артты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy Energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында елімізде спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтер 400,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 60,9%-ке артық. Экономиканың қадағаланбайтын секторын есепке алмағанда, секторда 399,2 млрд теңгеге қызметтер көрсетілді. Жылдық өсім 67,9%-ті құрады. 

Өңірлік бөліністе қызметтердің 58,4%-і Алматының бір өзіне ғана тиесілі: 233,3 млрд теңге, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 5,7 есе көп. Көшбасшылар үштігінде Нұр-Сұлтан (43,6 млрд тг, 37,2%-ке азайған) және Қарағанды облысы (13,9 млрд тг, 16,7%-ке азайған) кірді. 

Ағымдағы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтердің құны бір жылда 6,2%-ке өсті. Оның ішінде театр қызметтері 26,2%-ке, бассейндер (абонемент) 9,6%-ке, балалар аттракциондары 7,4%-ке, кинотеатрлар 5%-ке, тренажер залдары (абонемент) 4,7%-ке қымбаттады. 

Фотографтардың қызметі 5,4%-ке қымбаттады. Анти-көшбасшылар үштігінде Алматы облысы (15,2%), Қызылорда облысы (12,4%-ке) және Шымкент (10,3%-ке) тұр. Сонымен қатар Қарағанды облысында секторда көрсетілетін қызметтердің 0,1%-ке арзандауы байқалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.