ЕАЭО мемлекеттері арасында еліміз тек Қырғызстанның алдына шықты
Әлем елдерінің саяси және экономикалық жетістіктерін қорытындылайтын негізгі индикаторлардың бірі – мемлекеттің әлеуметтік даму көрсеткіші. Осы көрсеткішті негізге ала отырып зерттеу институттары елдердің экономикалық дамуы мен халқының әл-ауқат деңгейін анықтайды. Былтыр Қазақстан әлеуметтік даму рейтингінде небәрі 69-орынға тұрақтады деп жазады ranking.kz.
Көш басында – Норвегия (90,95 балл). Дания (90,09) – екінші, Швейцария (89,89) үшінші орынға жайғасқан. Сондай-ақ, алғашқы ондықта Финляндия, Швеция, Исландия, Жаңа Зеландия, Германия, Канада және Жпония елдері бар.
149 елден тұратын рейтингте Қазақстан (68,2) небәрі 69-орынға жайғасқан. ЕАЭО елдерінің арасында республика Беларустен (48-орын), Армения (59-орын) мен Ресейден (62-орын) қалып, Қырғызстанның (81-орын) ғана алдына түсті.
Жалпы, әлеуметтік даму рейтингін түзерде мамандар 50 түрлі көрсеткішке мән беріп, оларды үш топқа біріктіреді.
1. Адамның негізгі қажеттіліктері – ас-ауқатқа және ауыз суға, медициналық көмекке қолжетімділік, баспанамен қамту, электр қуатына және санитарлық қызмет түрлеріне қолжетімділік, жеке бастың қауіпсіздігі;
2. Адамзаттың негізгі құндылықтары – сауаттылық және білім беру, ақпаратқа және байланыс құралдарына қолжетімділік, денсаулық сақтау деңгейі, қоршаған ортаның сапасы;
3. Адамның даму мүмкіндіктері – жеке және азаматтық еркіндік, адамдардың өз бетінше шешім қабылдауы және өз мүмкіндіктерін пайдалануына мүмкіндік туғызу.