Қазақстанда ең арзан мұнай Маңғыстауда

Автор: Azattyq Rýhy

2019 жылы Қазақстан мұнайының бағасы 1,2% арзандап, тоннасы 65,1 мың теңге болған

Фото: forumdaily.com

Статистика комитетінің мәліметінше, желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша республика бойынша ең қымбат мұнай бағасы Қызылордаға тиесілі. Бұл өңірдегі шикізаттың бір тоннасы 83,8 мың теңгені құраған (2,3% төмендеген).

Ақтөбе мұнайының бағасы жыл басынан бері 6,6% қымбаттап, тоннасы 81,7 мың теңге болған. Маңғыстау мұнайы 6%-ға (тоннасы 54 мың теңге), Атырау мұнайы 0,4%-ға (тоннасы 65 мың теңге) арзандаған.

2019 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша бір тонна бензиннің бағасы орташа есеппен 135,3 мың теңгені құрап, жанармай бағасы жыл басынан бері 8%-ға арзандаған.

Оның үстіне 2019 жылдың аяғында бензиннің бір тоннасы орташа есеппен 135,3 мың теңгені құрайды. Жыл басынан бері жанармай 8 пайызға арзандады. Дизель отыны 2,3%-ға арзандап, тоннасы 169,9 теңгені құраса, мазут бағасы 21,4% қымбаттаған (тоннасы 88,8 мың теңге).