Мемлекеттік сатып алу бойынша 157 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды
Тауарларды жеткізуді, қызмет көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 127 миллиард теңгеге бұзушылықтар жойылды
Жыл басынан бері Қаржы министрлігі үш мыңға жуық аудиторлық іс-шара өткізді. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ағымдағы жылдың 11 айында камералдық бақылаумен 11,3 триллион теңгеге 897 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 36,8 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 97 пайызы мемлекеттік аудит объектілерімен орындалды. 2 996 аудиторлық іс-шара өткізілді», - деді Жамаубаев.
Аудитпен 1 триллион 848 миллиард теңге бюджет қаражаты қамтылды. 157 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
«Тауарларды жеткізуді, қызмет көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 127 миллиард теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру үшін 2,6 мың ұсыным берілді», - деп хабарлайды Қаржы министрлігінің басшысы.