$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2019, 12:53
Экономика

Азия даму банкі Қазақстанның энергетика саласын қаржыландыратын болды

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орта Азиядағы ірі банкпен келісімге отыру үшін бірнеше жыл уақыт кеткенін айтты

Азия даму банкі Қазақстанның энергетика саласын қаржыландыратын болды
Фото: ritmeurasia.org

XII KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында ҚР Энергетика министрлігі мен Азия Даму банкі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Сіздер байқамаған шығарсыздар, бүгін біз Азия даму банкімен ынтымақтастық және өзара келісім туралы меморандумға қол қойдық. Бұл - Азия даму банкі осы минуттан бастап еліміздің энергетика саласындағы жобаларды қаржыландырады деген сөз. Бүгін соған көз жеткіздік. Ташкенттегі кездесуде бұған қол жеткізе алмаған едік. Енді бүгін болашақ іс-қимылдың негізі қаланды», - деді баспасөз мәслихатында Қанат Бозымбаев.

Азаттық рухы тілшісінің сұрағын нақтылаған министр банк қаражаты негізгі үлкен үш жобаға тартылатынын айтты.

«Меморандумға сәйкес, біріншіден, баламалы энергия көздері, екіншіден, мұнай газ-химия, үшіншіден, газ пайдаланатын энергия станциялары қаржыландырылады. Осы үш бағытта ынтымақтастық орнатамыз», - деді ол.

Министр Азия Даму банкінің қанша қаражат бөлетіні банк сараптамасынан кейін ғана белгілі болатынын айтты.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары