$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 01:26
Экономика

Еліміздегі 9 банк таратылды

Осы банктерден несие алған адамдардың талаптары Заң бойынша белгіленген кезекпен орындалады

Еліміздегі 9 банк таратылды
Фото ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еліміздегі банктерді тарату тәртібі, процесі және қазіргі жай-күйі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

"Еліміздегі келесі 9 банк таратылды: Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan. Ондағы негізгі мақсат — несие алушылардың талаптарын қанағаттандыру, олармен есеп айырысу және банктің барлық операцияларын аяқтау" деп көрсетілген хабарламада.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, бірінші кезекте, адамдардың еңбекақысы төленеді. Сондай-ақ, банк біреудің өмірі немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін ақысын қайтарады. Одан кейін адамдардың және түрлі ұйымдардың депозиттерін қайтару және тағы басқа жұмыс жүргізіледі.

Қазіргі кезде Қазинвестбанк мойнына алған міндеттің 5,8% (6,3 миллиард теңге), Эксимбанк Қазақстан 19,1% (2 миллиард теңге) және Delta Bank 15,9% (2,2 миллиард теңге) орындады. Осыған қоса Tengri Bank-те бұл процесс 87% (15,4 миллиард теңге), Валют-транзит банкте 57% (10,4 миллиард теңге), Астана Банкінде 43,9% (16,5 миллиард теңге) және Qazaq Banki-те 16,3% (3,3 миллиард теңге) аяқталды.

AsiaCredit Bank аралық балансын есептеп жатса, Capital Bank Kazakhstan істері уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясына өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары