Елімізде несиеге тәуелділер қатары артты

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл Қазақстанда тұтынушылық кредит алушылар саны өскен

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлайды.

«Ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша тұтынушылық қарыздар 2020 жылмен салыстырғанда едәуір жеделдеп (2020 жылы тұтынушылық қарыздар 4,3%-ға ұлғайды), 5,4 трлн теңгеге дейін 23,8%-ға немесе экономикаға кредиттердің 33%-на (жыл басында 30%) ұлғайды. Осы көрсеткіштің өсуі ағымдағы жылы ЖІӨ мен халық табысының номиналды өсімінен едәуір асып түседі, бұл тұтынушылық кредит беру нарығындағы тәуекелдердің артуын растайды», - делінген хабарламада.

Үстіміздегі  жылдың басынан бастап жаңадан берілген тұтынушылық қарыздардың 88%-ын 3 банк: «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ қамтамасыз етті.

Тұтынушылық кредиттер бойынша қарыз алушылардың негізгі үлесі еліміздің ірі қалалары – Алматы (24,1%), Нұр-Сұлтан (9%), Шымкентте (7%) шоғырланған.