Министр басты себеп тауар құнының көрші елдерге қарағанда төмендігі дейді
Біздің ел халықаралық дәліз болғандықтан шетелдік жүк көліктерінің әрқайсысы айына шамамен 4 тонна дизель отынын әкетеді, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Соның салдарынан биыл соңғы екі жылмен салыстырғанда, бір айда 100-140 мың тонна дизель отыны артық сатылған. Бұл мәселені шешудің ендігі бір жолы – Ресейден қосымша дизель отынын сатып алу
«Біз осы қазан айында 100 мың тонна импорт туралы келсімге қол жеткіздік. Әрине, баға өсуде, оны өзіміз көріп отырмыз. Дегенмен, баға реттелмейді. Өйткені бізде нарықтық баға», – дейді ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.