Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Биылғы он бір айдың қорытындысы бойынша республиканың бес өңірінде азық-түлік едәуір қымбаттаған

Фото: ашық дереккөзден

Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) жаңа талаптардың күшіне енуіне байланысты Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қысқа мерзімдегі кезеңде ЕАЭО-да жаңа талаптарды енгізу аясында азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтсақ, дәнді-дақылдар мен сүт өнімдері бағасының өсуі нәтижесінде ет пен нан қымбаттауы мүмкін», - деді Досаев үкімет отырысында.

Он бір айдың қорытындысы бойынша республиканың 5 өңірінде азық-түлік едәуір қымбаттаған.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, бағаның ең көп өсуі Алматы (15,2%-ке), Атырау (14,9%-ке), Нұр-Сұлтан (14,2%-ке), Қарағанды (13,7%-ке), Қостанай (13,6%-ке) және Жезқазған (13,4%-ке) қалаларында байқалды.