Америкалық алып корпорация Қазақстанда ет зауытын салады - министр

Автор: Azattyq Rýhy

Ауыл шаруашылығы министрі танымал бренд өнімдеріне сұраныс көп болады дейді

АҚШ инвесторлары 2020 жылдан бастап Қазақстанда мал еті өнімдерін өндіретін зауыт салуға кіріседі. Бұл туралы LS хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, американдық Tyson Foods корпорациясы Қазақстандағы үш зауыттың құрылысына 5 млрд долларға дейін қаражат салады. Жобаны іске асыру мерзімі - 10 жылға дейін.

«Компания кезең-кезеңімен үш сауыт салуды жоспарлап отыр. Оның екеуі – ірі қара мал етін өңдейтін, бірі – құс етін қайта өңдейтін зауыт. Ірі қара мал етін өңдейтін зауыттың құрылысы келе жылдан басталады. Онда тәулігіне 2 мың ірі қара мал, айына 100–120 мың тонна ет өндіріледі деп жоспарлануда», - дейді министр.

Министрдің айтуынша, бірінші зауыт құрылысы 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында басталады. Инвестиция көлемі - $1,2 млн.

«Бұл зауыттардың бәрі экспортқа бағытталған. Жанымызда Қытай, Ресей, Орталық Азия елдері бар. Tyson Foods сияқты танымал бренд өндіретін етке сұраныс көп болады, сауда нарығында өтімді болады», - деді Сапархан Омаров.