Осы жылдың қаңтар айында елімізде әуе кемелерімен 592 мыңнан астам адам тасымалданған
Биылғы қаңтарда еліміздегі әуекомпаниялардың кірістері 19,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,8%-5f аз.
Соның ішінде 17,9 млрд теңге жолаушылар тасымалынан, 1,7 млрд теңге жүк тасымалдаудан түскен, деп хабарлады finprom.kz.
Айта кетсек, өткен жылдың қаңтарында әуекомпаниялардың кірістері бір жыл ішінде 31,3%-ға өсіп, 33,1 млрд теңгеге жеткен.
Осы жылдың қаңтар айында елімізде әуе кемелерімен 592,1 мың адам тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,1%-ға аз.
Айта кетейік, Қазақстанда «Эйр Астана», SCAT, QAZAQ AIR, FlyArystan және басқа әуе компаниялары жұмыс істейді.