Елімізде доллар бағамы күрт өсіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Айырбастау пункттерінде доллар 420 теңгеден сатылып жатыр

19 ақпанда таңертең америкалық валютаның бағамы өсті. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтері бойынша, сағат 11:00-де доллар бағамы +2,43 теңгеге өсіп, 418,35 құрады.

Қытай юаны 64,6 теңге, рубль - 5,64, еуро - 505, 43 теңге.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде  доллар 417,2 - 418 теңгеден сатып алынып, 418,8 - 420 теңгеден сатылуда.  Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде доллар 417,2 - 417,8 теңгеден сатып алынып, 418,2 - 419 теңгеден сатылып жатыр.