АҚШ валютасының құны 419 теңгеден төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы құны арзандады. KASE-нің таңертеңгі сессиясында АҚШ валютасы 0,07 теңгеге төмендеді. Осылайша, 1 доллардың орташа бағамы 418,99 теңгені құрады.
Айта кетейік, демалыс күндері және дүйсенбіде теңгенің 1 долларға шаққандағы орташа құны 419,09-ға тең болды. Kurs.kz порталының мәліметінше, дәл қазір Алматыдағы валюта айырбастау орындарында долларды сату – 420,19 теңге, сатып алу – 418,67 теңге.
Ал елордада долларды сату – 420,25 теңге, сатып алу – 419,19 теңге.