Бұл – осы жылдың 9 айындағы көрсеткіш
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев 2020 жылдың тоғыз айында Қазақстанның салық шығыны 1 триллион 100 миллиард теңгеге бағаланатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Тоғыз айдағы салық шығынын шамамен 1 триллион 100 млрд теңгеге бағалаймыз. Одан бөлек, микро және шағын бизнеске ынталандыру, кейінге қалдыру және қолдаудың басқа түрлері бойынша 1,5 трлн теңгеге қолдау көрсетілді. Сондай-ақ тікелей шығындар 300 млрд теңгені құрады», - деді комитет басшысы ОКҚ-да өткен брифингте.
Сондай-ақ комитет басшысы тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 92 пайызға, республикалық бюджет кірісі 82 пайызға орындалғанын хабарлады.