Ұлыбританияда жалпы ішкі өнімнің құлдырауы соңғы 65 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Екінші тоқсанда Тұманды Альбион экономикасы шамамен, 20%-ға төмендеді

Фото: ашық дереккөзден

Ұлыбританияда жалпы ішкі өнімнің құлдырауы соңғы 65 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті , деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Сонымен, екінші тоқсанда бұл елдің экономикасы шамамен, 20% төмендеді. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтіреді. 

Бұл, ең алдымен, коронавирустың таралуын болдырмау үшін билік енгізген шектеу шараларына байланысты. Экономиканың төмендеуіне өндірістің құлдырауы да әсер етті. Атап айтқанда, бұл қызмет көрсету, өнеркәсіп және құрылыс салаларына қатысты.