«ҚазМұнайГаз» және Air Astana акцияларын сату кейінге қалдырылды
«Самұрық-Қазынадағы» екі ірі кәсіпорынның IPO-ға жоспарлы шығуы 2022 жылға белгіленді

«ҚазМұнайГаз» және Air Astana компанияларының акцияларын сату кейінге қалдырылды. Бұл туралы бүгін Ұлттық әл-ауқат қорында мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Пандемиядан туындаған қор нарығындағы тұрақсыздықтан кейін осындай шешім шықты. «Самұрық-Қазынадағы» екі ірі кәсіпорынның IPO-ға жоспарлы шығуы 2022 жылға белгіленді. Осы жылдың соңына дейін «Қазақтелекомның» 10 пайызын ғана сату жоспарланып отыр. Сатылғаннан кейін компания квазимемлекеттік болуды тоқтатады, алайда «Самұрық-Қазына» оған акционер ретінде стратегиялық бақылауды сақтайды.
«Мұнда бизнес-модельді қайта қарау және компанияның табыстылығын арттыру үшін уақыт қажет. Сондықтан қазіргі жағдайда IPO-ға шығу мүмкін емес. «Тау-Кен Самұрық» АҚ және «Qazaq Air» АҚ активтері бойынша Үкіметпен келісу қажет. Басқалардан айырмашылығы, бұл компаниялар қалыптасу кезеңінде, сондықтан оларды іске асыру мерзімі 2022 жылға ауыстырылды»,- деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ержан Тұтқышев.