QazaqGaz Директорлар кеңесі Атырау облысында көшпелі отырыс өткізді

Автор: Бақыт Шынар

Жиналыс  бірінші рет өндірістік алаңда өтті

Фото: «QazaqGaz» баспасөз қызметі

27 қазанда «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі Атырау облысында көшпелі отырыс өткізіп, оның барысында өңірдегі ұлттық компанияның негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларының барысымен танысты. Айта кетерлігі, QazaqGaz Директорлар кеңесінің отырысы бұрынғыдай кабинетте емес, бірінші рет өндірістік алаңда өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Директорлар кеңесінің мүшелері ең алдымен Қашағандағы қуаты жылына 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс алаңына барды. Олар алаңдағы құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын жеке бағалады.

«Газ өңдеу зауытын аралап, мұнда ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын көргеніме қуаныштымын. Бұл зауыт – Қазақстан тарихындағы ең жаңа әрі маңызды өндіріс орындарының бірі. Сондықтан оның еліміздің өнеркәсіп саласында өзіндік орны болады деп сенемін. Бүгінгі күнге дейін көптеген жұмыстар атқарылған. Дегенмен, бұл – технологиялық тұрғыдан күрделі зауыт. Сондықтан асығыстыққа жол бермей, ең бастысы, жұмысты сапалы әрі талапқа сай аяқтау қажет деп есептеймін», - деді Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Омархан Өксікбаев.

Сапар аясында QazaqGaz басшылығы мен Директорлар кеңесі бас мердігер өкілдерімен кеңейтілген үйлестіру кеңесін өткізді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының кестелерін, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экологияның халықаралық стандарттарын (HSE) қатаң сақтауға, сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік-экономикалық әсерді күшейту үшін жергілікті мамандар мен отандық тауар өндірушілерді тартудың басымдығына ерекше назар аударылды.

«Қашағандағы ГӨЗ құрылысы - Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің ерекше бақылауындағы мемлекеттік ауқымдағы стратегиялық жоба. Зауытты пайдалануға беру шикі газды қайта өңдеуді арттырып қана қоймай, ішкі нарық үшін тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Серіктестермен тығыз үйлестіру және мердігерлердің ресурстарын жұмылдыру - кәсіпорынның табысты іске қосылуының негізгі факторы», - деп атап өтті Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Анатолы Тегісбаев.

Жұмыс сапары барысында QazaqGaz Директорлар кеңесінің мүшелері Атырау облысында орналасқан Eskene сұйытылған газ терминалының (LPG) құрылысымен де танысты. Нысанда іргетастарды және негізгі жабдықты орнатуды қоса алғанда, құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. 

«QazaqGaz» ҰК» АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қадағалаумен қатар, барлық жобаларды іске асыру барысын кешенді бақылай береді.