Президенттің жолдауы: Қазақстан екі жыл ішінде 54 жаңа кен орнын ашқан

Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде соңғы 2 жылда еліміздің минералды-шикізат базасы молая түсті

Президенттің жолдауы: Қазақстан екі жыл ішінде 54 жаңа кен орнын ашқан
Фото: ЖИ: © freepik.com / fijulanam468

Соңғы екі жылда геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде еліміздің минералды-шикізат базасы молая түскен. Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, 2024 жылы 35 кен орны бірінші рет есепке тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылы 35 кен орны алғаш рет мемлекеттік есепке алынды. Оның ішінде, 23 қатты пайдалы қазбалар, 6 көмірсутек шикізаты және 6 жерасты су қоры бар. 2025 жылы тағы да 19 жаңа кен орны мемлекеттік есепке алынды, оның ішінде 17 қатты пайдалы қазбалар, бір көмірсутек шикізаты және бір жерасты суы бар Осылайша, 2024-2025 жылдары мемлекеттік есепке 54 жаңа кен орны қойылды», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша 2024-2025 жылдары пайдалы қазбалардың келесідей түрлері бойынша ресурстар мен қорлар өсті:

  • алтын – 157 210,6 келі;
  • күміс – 9 432 тонна;
  • мыс – 122,7 мың тонна;
  • хром рудасы – 927 мың тонна;
  • мырыш – 171,9 мың тонна;
  • қорғасын – 114,8 мың тонна;
  • темір рудасы – 262 209,4 мың тонна;
  • марганец – 11,052 мың тонна;
  • фосфор рудасы – 1 338,32 мың тонна;
  • мұнай – 199 мың тонна;
  • газ – 22 млрд текше метр;
  • жерасты сулары – тәулігіне 104,148 мың текше метр.

Жалпы алғанда мемлекеттің есебінде түрлі пайдалы қазбалардың шамамен 10 мың кен орны бар.