Жамбыл облысындағы 89 каналды жөндеу үшін халықаралық банктер ақша берген

Автор: Бақыт Шынар

Әзірге, халықаралық қаржының сомасы белгісіз 

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысындағы суармалы жерлер мен су инфрақұрылымы ауқымды модернизациядан өткізу үшін 89 каналды жөндеу көзделген. Бұл туралы өңір тұрғындарымен кездескен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәліметінше, аймақтағы тозығы жеткен каналдар мен дренаж жүйелері кезең-кезеңімен жөнделеді.

«Халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен Шу, Байзақ, Талас және Сарысу аудандарында жалпы ұзындығы 1000 шақырымға жуықтайтын 89 канал жөнделіп жатыр. Бұл жоба аяқталғанда облыстағы 100 мың гектардан астам суармалы жердің су мәселесі шешілмек», - деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

Қазір тағы 74 каналды реконструкциялаудың құжаттары әзірленіп жатыр.