Бүгін президент Павлодар облысының әкімін қабылдады
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкім президентке өңірдің былтырғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берген. Асайын Байхановтың айтуынша, былтыр Павлодар облысында барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалған. Өңір экономикасына шамамен 1,3 триллион теңге инвестиция тартылып, өсім 47 пайызды құрағанын айтты. Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1 триллион теңгеге жетті. Елімізде өндірілетін көмір мен ферроқорытпаның 58 пайызы, электр қуатының 42 пайызы Павлодар облысына тиесілі.
Сондай-ақ облыс әкімі
«Президент Екібастұз қаласының әуе қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, облыс әкіміне шаһарда жаңа әуежай ашу мәселесін жан-жақты пысықтауды тапсырды. Бұл жобаны іске асыру өңірдің көлік-транзит әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуына тың серпін береді», - деп хабарлайды Ақорда.