«Бәйтерек» 2026 жылы Қазақстан экономикасына 8 трлн теңге салады - қаражат қай салаларға бөлінбек

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін «Бәйтерек» холдингінің  директорлар кеңесінің отырысы өтті

Фото: istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Белгілі болғандай, холдинг биыл Қазақстан экономикасына 8 трлн теңге бөледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет хабарлағандай, егін науқанын қаржыландырудың өзіне золдинг 300 млрд теңге береді. Ал, Отбасы банк арқылы ипотека беру үшін 100 млрд теңге бөлінген.

«Директорлар кеңесі «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін 300 млрд теңгеге дейін облигацияны мақұлдады. Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 150 млрд теңге, ал, Отбасы банк арқылы ипотека беруге 100 млрд теңге бөлінеді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Жалпы, осындай қаржылардың бәрін қосқанда, «Бәйтерек» Қазақстан экономикасына 8 трлн теңге салады.