Оның айтуынша, олардың жартысынан көбі жұмыс істемейді
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Дюсенбай Тұрғанов премьер-министр Олжас Бектеновке автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысы мен самосвалдарға енгізілген шектеулерге қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттың айтуынша, жүк тасымалын цифрландыру жұмыстары жүріп жатқанымен, оның сапасына қатысты бірқатар мәселе туындап отыр. Қазіргі таңда ел бойынша 60-қа жуық өлшеу станциясы орнатылған, оның 30-ы республикалық жолдарда орналасқан. Алайда іс жүзінде олардың тек 16-сы ғана жұмыс істейді.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының дерегінше, станциялар толық автоматты режимге көшкеннен кейін жауапкершілікке тартылғандар саны үш еседен астам артқан. Бірақ бұл заңдылықтың күшейгенін білдірмейді.
Тексеру барысында бірқатар жүйелі бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, станцияларды орнату және пайдалану талаптары сақталмайды, артық салмақты дұрыс тіркемеу фактілері бар, сондай-ақ қаулылар уақытында жіберілмейді.
Сонымен қатар, автоматты тіркеу жүйесі ауыр жүк көліктерінің жүріп өткені үшін төлемнің орнына қолданылып отырғаны айтылды. Бұл жағдай жауапкершіліктің мәнін бұрмалап, мемлекет пен бизнес арасындағы теңгерімді бұзады.
Депутат өлшеу қателіктері де ескерілмей отырғанын атап өтті. Заң бойынша жалпы салмаққа ±14%, ал осьтік жүктемеге ±19% шекті деңгей қарастырылған.
Осы мәселелерді ескере отырып, Тұрғанов: