Бұл туралы Ақордада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтқан
Бүгін Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент сауда саласының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары туралы есепті тыңдады. Арман Шаққалиевтің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің 19 пайызға жуығы сауда-саттыққа тиесілі екенін баяндады.
Қазақстан экономикасының маңызды секторларының бірі саналатын салаға 1,2 триллион теңге инвестиция құйылған. Ал тауар айналымы 8,9 пайызға ұлғайып, 80,3 триллион теңгеге жеткен.
«Былтыр электронды сауданың көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткен. Бұл – бөлшек сауданың 15 пайызына тең. Елімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасты. Астана мен Алматы қалаларында екі ірі фулфилмент-орталық салынып жатыр», - дейді Шаққалиев.
Жаһандағы экономикалық сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауар түрлері мен қызметтер көлемі 41 миллиард долларға жетті.
«Экспорттаушыларды қаржылай қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, сақтандыру сомасының максималды мөлшері 1,2 триллион теңгеге дейін көбейіп, қолдау шаралары екі есе артты. Еуразиялық экономикалық одақ аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. ЕАЭО құрылғаннан бері 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылды. Келіссөздер нәтижесінде еліміздің бірқатар мәселеге қатысты ұстанымы ескерілді. Оның қатарында Қазақстан кәсіпорындарына демпингке қарсы баж салығын төлемей, кейбір тауар түрлерін кіргізуге квота беру секілді маңызды мәмілелер бар», - деді Сатқалиев.
Президент ведомствоға заманауи сауда экожүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасау, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау, экспорттық әлеуетті нығайту, сондай-ақ елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.