«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының жұмысынан «күмәнді» қағида табылды

Автор: Бақыт Шынар

Компания бизнес өкілдерінің жұмысын тоқтатып тұрған

Фото: ҚТЖ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының» қызметінен  бәсекелестікті шектеу көрінісін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, «АзияНефтеТранс» және «Скинест Рейл Қазақстан» атты екі компания Агенттіктің департаментіне арыз түсірген. Оның себебі – «ҚТЖ»  жүк вагондарын тіркеумей, рәсімді ұзаққа созған.

«Өтініштерді қарай отырып, анықтағанымыз -  вагондарды тіркеудің қолданыстағы қағидалары өтінімдерді қараудың нақты мерзімін көздемеген. Сондықтан, вагондарды тіркеу мерзімі ұзара берген, бұл компаниялардың инфрақұрылымға қол жеткізуін шектеуі мүмкін. Сондықтан, Департамент «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға өтінімдерді қарау мерзімін белгілеу аясында жүк вагондарын тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы нұсқама енгізді», - деп хабарлайды агенттік.