$ 510.95  594.49  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазпошта, «Жайлы мектептер» және түрмелер: Смайыловтың командасы 37 ірі аудитке кіріседі

Былтыр ЖАП 32 аудит жүргізсе, биылға 37 тексеріс жоспарланып отыр

Қазпошта, «Жайлы мектептер» және түрмелер: Смайыловтың командасы 37 ірі аудитке кіріседі
Фото: gov.kz

Әлихан Смайылов басқаратын Жоғары аудиторлық палата 2026 жылға жоспарланған ірі аудиторлық іс-шараларды атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ЖАП қарқынды жұмысты биыл да жалғастырмақ.

«Отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдауға, инвестиция тарту жөніндегі жұмысқа, «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларына, газ саласына, «Қазпошта» АҚ мен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметіне, мемлекеттік ақпараттық саясатқа және басқа да өзекті бағыттарда 37 аудиторлық іс-шара жоспарланған», - делінген хабарламада.

Ең бастысы – Жоғары аудиторлық палата мемлекет пен қазақстандықтардың мүддесі үшін қызметін дәйекті түрде жақсартып, жетілдіреді, деп атап өтті палата.

2025 жылы қандай жұмыс атқарылды?

Былтыр Жоғары аудиторлық палата 250 объектіні және 74 трлн теңгені қамтыған 32 ірі тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2,9 трлн теңгеден астам сомаға түрлі заңбұзушылықтар анықталды. Қазірдің өзінде мемлекет пайдасына 365 млрд теңге өтелген.

293 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Аудит қорытындылары бойынша 44 материал құқық қорғау органдарына берілді.

Үкімет пен аудит объектілеріне 132 ұсыным және орындалуы міндетті 1,4 мың нақты тапсырма жіберілді.

Серіктес жаңалықтары