Жалпы, биыл 190 жоба жоспарланған екен
Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 173 индустриялық жоба орындалып, 22 мың тұрақты жұмыс орны құрылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі ведомство жұмысының қорытындысы туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндап берген.
Жалпы, үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл 190 жобаны орындау жоспарланған.
«Маңызды жобалардың қатарында KIA, Chery, Changan, Haval және Tank брендтерінің автомобильдерін өндіру, алюминий қаптамасын, тұрмыстық техниканы және болат құбырларды шығару бар. Бұл еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтетін нақты кәсіпорындар», - деп атап өтті вице-министр.