Қазақстандық дәріханалар екі аптада 10 миллиард теңгеден астам табыс тапқан

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша дәріхана қызмет түрін көрсететін барлығы 3 527 кәсіпкер тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік кірістер комитеті фарм қызметіне талдау жүргізді. Комитеттің мәліметінше, отандық дәріханалар коронавирустың қатты өршуіне байланысты соңғы екі аптада 10 миллиард теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.      

Жаздың алғашқы 2 аптасында ғана қазақстандық дәріханалар 10 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Алайда барлық кәсіпкерлер нақты айналымдарын көрсетпеген.

«Дәрі-дәрмектерді сатуға ҚҚС салынбайтындықтан, дәрілік заттар айналымы өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін тауардың тарихын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды бақылау жүйесіне кірмейді. Сондықтан талдау белгілі бір кезеңде дәріхана қандай пайда алғанын қадағалауға болатын онлайн - БКМ көрсеткіштерінде құрылған»,-деді комитет өкілдері.

Республика бойынша дәріхана – қызмет түрін көрсететін барлығы 3 527 кәсіпкер, 7 674 онлайн-БКМ тіркелген.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауар сатып алу кезінде чектерді талап етіп, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.

Ағымдағы жылдың 13 мамырынан бастап Комитет жыл сайынғы «Чекті талап ет — жүлдені ұтып ал!» акциясын бастады. Жіберілген чектер үшін акцияға қатысушылар ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражатты бірден алу мүмкіндігіне ие болады. Ал чекті бермеген жағдайда акцияға қатысушылар тиісті шағымды ұялы қосымша арқылы жібере алады, шағымды растаған жағдайда кепілді ақшалай қаражатты ұялы телефон теңгеріміне ала алады.