Айтыскер Айбек Қалиевке пәтер кілті табысталды

Автор: Алмас Ерсін

Сонымен қатар ақтық сынға шыққан ақындар арнайы жүлделермен марапатталды

Скрин видео

Айтыскер ақын Айбек Қалиев «Алтын домбыра» иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Астанада «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған жыр додасына 14 ақын қатысты. Жыр бәйгесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Жүрсін Ерман төрағалық етті.

«Бас жүлде және «Алтын домбыра» иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер кілті табысталды», - деп хабарлады телеарна.

  • 1-орынды Бексұлтан Орынбасар,
  • 2-орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған,
  • 3-орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.

Сонымен қатар ақтық сынға шыққан ақындар арнайы жүлделермен марапатталды.