Телехикая кешкі сағат 20:00-де шығады
Бүгін «Астана» арнасында жаңа телехикая — «Сүйген жүрек» көрерменге жол тартпақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сюжет желісі Германиядан Түркияға оралған жалғызбасты ана Лейланың тағдырына негізделген. Жаңа өмір бастауға талпынған әйел күтпеген жерден дәулетті кәсіпкер Хашметпен жолығады. Алайда оның шынайы бет-бейнесі мүлде басқа — ол қылмыс әлемінің өкілі болып шығады.
Қауіп пен күйзелістен қашқан Лейла жолай Альпер есімді жігітпен танысады. Олардың кездесуі өткеннің ауыр ізімен күрестің және шынайы махаббаттың бастамасына айналады.
Тосын оқиғалар мен сезімге толы «Сүйген жүрек» телехикаясын 7 қазаннан бастап күн сайын сағат 20:00-де «Астана» арнасынан көріңіздер.