Ол көптен күткен сәбидің тұсауын кесті
Әнші Балжан Бидаш Ақтауға барған сапарында қала тұрғынының арманын орындағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына хат жолдаған қызының тұсауын кесуге қолқа салған.
«Балжан, сәлеметсіз бе. Ақтауға қош келдіңіз! Сізге қызымның тұсауын кестіріп алғым келеді. 13 жыл балалы бола алмай, Алла Тағаланың мейірі түсіп, 13 жылдан кейін тапқан Бағри деген қызым», - деп жазған тұрғын.
Балжан Бидаш жас ананың сөзін жерге тастамай, мейрамханада кездесіп тұсауын кесіп берген.
«13 жыл бойы жүрекпен күткен періштем. Көзіндегі жасы да, күлкісі де – өмірдің шынайылығы. Әр басқан қадамы берекелі, жолы ашық болсын, балапан. Ақтаудағы мейірім мен махаббат үшін рақмет», - деп жазды ол.