Екі жастың үйлену тойы болмаған
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева немересі Айсұлудың тұсауын кесті. Бұл жауапты сәтті кімге сеніп тапсыру керек деген оймен ұзақ толғанғанын жазды. Таңдау – журналист, көпбалалы ана және жақын құрбысы Жадыра ханымға түсіпті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақтың маңдайына біткен өнердегі аға, апаларымның бірі кессе де болатын еді. Бірақ біздің таңдау Жадырама түсті», - деп жазды өнер иесі.
Айгүл Иманбаева Жадыраның кәсіби журналист ретіндегі біліктілігін жоғары бағалайтынын айтып, оның атына жылы лебіз білдірді.
«2003–2005 жылдары «Қазақ радиосында» жүргізген «Аты жоқ көкек» бағдарламасында берген сұхбатым әлі есімде. Бұл – менің жан дүниеммен шын ашылған ең салмақты сұхбатым болды», – деп еске алады Айгүл Иманбаева.
Салтанатты жиында тағы бір ерекше сәт – Актөбеден арнайы ұшып келген Даурен есімді отбасы досының қолымен дайындалған авторлық торт болды.
«Мұндай дәм – тек жүрекпен жасалған тортта ғана болады», – дейді Айгүл ханым алғысын білдіріп.
Журналист Анна Данченко Айгүл Иманбаеваның ұлы Аслыжанның шаңырақ көтеріп, балалы болғанын көпшілік біле бермейтінін жазды.
«Аслыжан - жеке өмірін жария етуден алшақ жан. Жан жары - Жансая, өзінен екі жас үлкен. Бір салада қызмет етеді. Қазір Айсұлу есімді қыздары бар. Бұйырса, жақында тағы бөпелі болмақ», – дейді журналист.
Асылжан мен Жансая үйлену тойын өткізбеген екен. Бірақ, Айгүл Иманбаева ұлы мен келініне Алматыда отбасылық дастархан жайып, артынан немересінің тұсаукесер рәсімін жасап беріпті.