Наурызнама онкүндігі: бүгін қазақстандықтар Жаңару күнін тойлайды

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін Наурызнаманың алтыншы күні

Фото: istockphoto.com

Наурызнама онкүндігі аясында бүгін қазақстандықтар Жаңару күнін тойлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Наурыз – байырдан-ақ қазақ халқы үшін жаңарудың басы еді. Наурызнама онкүндігі аясында, қалыптасқан дәстүр бойынша 19 наурызда қоғам мен мемлекет дамуындағы бетбұрысты өзгеріс басталған кезеңді бейнелейтін жалпыұлттық ағаш отырғызу науқаны басталады.

Бұл күн – рухани жаңғырудың, серпіліс пен бірліктің символы. Бұл күн әрбір адамға жаңа бастаманың қуатын сезініп, жеке өмірдегі әрі қоғамдағы оң өзгерістерге бейімделуге үндейді.

«Жаңару» күнінің дәстүрі азаматтарды қоғамның барлық салаларында жасампаздыққа ұмтылуға, сондай-ақ азаматтарды «Әділетті Қазақстанды» құру жолында біріктіруге бағытталған.

2019 жылдың жазында құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (НСОД) құрылуы билік пен азаматтар арасындағы алғашқы диалог алаңы болды. Кеңес отырыстарында алғаш рет елдің саяси жүйесін өзгертуге бағытталған либералдық ұсыныстар талқыланды.

Түбірлі трансформация саяси жүйеде айтарлықтай өзгерістерді тудырған 2022 жылдың қаңтар оқиғаларынан кейін болды. Қарапайым азаматтар референдум арқылы шешім қабылдау процесіне белсене араласа бастады. Азаматтардың саяси белсенділігін арттыру үшін Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізіліп, әр түрлі саяси күштер өкілдерінің заң шығарушы органға сайлануға жағдай жасалды.

Реформалар сатылап, яғни байыпты түрде, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жаңадан отырғызылған көшеттер тамыр алып, жайқалып өсуі үшін уақыт керек екені сияқты, реформалар толыққанды жүзеге асып, жеміс беруі  үшін оларға да  уақыт пен қолайлы орта қажет.

Жас көшеттерді жаңа бастамаларға теңесек, жайқалған ағаш – табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі.

Жаңару күнінде ағаш отырғызу дәстүрі еліміздің әрбір азаматының  Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне қосар өз үлесі бар екенін меңзейді. Бұл күн ел өміріндегі жаңа кезең мен маңызды жобалардың басталуын және тұғырлы  шешімдердің қабылдануын білдіреді.

Қазақстан үшін Наурыз – мерекені тойлау, көктемді қуанышпен күту ғана емес, өткенге терең ой жүгіртіп, болашақ даму бағытын айқындайтын уақыт. Бұл елдің келешегі туралы пікір алысуға тамаша мүмкіндік береді. Түрлі пікірлер тоғысынан жаңарған қоғамның жаңа саяси мәдениеті туындайды. Бұрыннан бар құндылықтар тағы бір сүзгіден өтіп, ұлтты одан әрі ұйыстыратын жаңа құндылықтар қалыптасады.

Қазақстандықтар наурыз айында еліміздің түкпір-түкпірінде тал егіп, көшет отырғызуды дәстүрге айналдыра бастағаны сияқты Наурыз мерекесінің өзіндік жоралғы-дәстүрлері де қоғамда біртіндеп сіңісе бастады. Ағаштар уақыт өте келе жеміс беретіні сияқты, жаңа идеялар мен құндылықтар қоғамды нығайтуға ықпал етіп, оның гүлденуіне қызмет етуге тиіс.