Бауыржан Есмахан Алматыдағы Арафат мешітінің имамы
Әнші Ерке Есмахан Алматыдағы Арафат мешітіндегі имам ағасы Бауыржан Есмаханның өз ісіне адал екенін айтып, оған тәнті болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Бауыржан ағам мешітіне ұзақ уақыт жөндеу жасап, жаңа кілем алып, Оразаға әдемілеп дайындалған. Ұстаз және ақылшы ағам», - деп жазды әнші.
Әнші өз оқырмандарын ағасының парақшасына жазылуға шақырды. Оның айтуынша, ұстаз көп пайдалы ақпарат айтады.