Бурак Өзчевит Наурызды Қазақстанда тойлайды - оның жоспары қандай (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол 22 наурызда Алматыда болады

Фото: instagram.com/burakozcivit/

Түріктің танымал актері Бурак Өзчевит Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ол сапарының алдында видеоүндеу жасаған.

 «22 наурызда Қазақстанға келемін. Алматы аренада кездесеміз. Қазақстанға сүйіспеншілігімді жолдаймын», – деді ол.

Бурак Өзчевит «Сүлеймен патшайым» сериалынан танымал болды. Кейін ол «Kara Sevda», «Бозторғай» сериалдарында ойнап, сүйіспеншілікке ие болды.

22 наурызда Алматы аренада одан бөлек, Түркияның, Ресейдің және Қазақстанның жұлдыздары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Sadraddin, Алексей Чумаков, Мустафа Сандал, Роза Зергерли ән шырқамақ.