Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Владислав Дина Нұрпейісованың күйін шертіп, алтын жүлде алған
Қарағанды облысындағы балалар үйінде өскен Владислав Горизанов Azattyq Rýhy youtube-каналына берген сұхбатында Дина Нұрпейісованың «Науаи» күйін шертіп берді.
Оның айтуынша, кезінде бұл күй жарыстардың бірінде оған алтын медаль сыйлаған.
«Дина Нұрпейісованың Науи күйін шертіп берейін. Осы күйдің арқасында кезінде мен жарыстан алтын медаль жеңіп алғамын», - деген Владиславқа журналист «бұл сіздің әзірге алған жалғыз алтын медаліңіз ба?» деген сұрақ қойды.
«Жоқ. Мен қай елден алтын медаль алмайын, мен үшін ең қымбат марапатым – президентіміздің қолынан алған марапат болмақ», - деп жауап берді ол.