«Анашым Раббысына қайтты»: танымал ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның үш баласы бар

Фото: https://www.instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Танымал ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ақынның әлеуметтік желідегі парақшасында балалары жариялады.

«Анашым Раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын үлкені - Ханшайым, Толғанай, кенжесі - Сұңқар. Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі, анама деген махаббаттарыңызға рақмет», - деп жазды олар.

Осыған дейін ақынның ауырып, ауыр халде жүргенін әнші Алтынай Жорабаева жазған еді.

Тегтер: