Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады
Әнші Димаш Құдайберген өзінің жаңа әнін тыңдарманына ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әннің атауы: «Ризамын тағдырға». Әншінің жаңа әні композитор Қайырғали Қожанбаевтың шығармасы. Ол бұл туынды бойынша жұмыс істеген барша адамға алғыс айтты.
«Аранжировка мен музыка үшін Ерлан Бекчурин мен Ринат Гайсинге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздерге ұнайды деген ойдамын», - деп жазды әнші.