Астанада Күләш Байсейітованың муралы пайда болды

Автор: Azattyq Rýhy


Муралдың суретшісі Адай Исажанов

Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы Сарыарқа ауданында атақты опера әншісі және халық әртісі Күләш Байсейітованың муралы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мурал Сарыарқа ауданында, Конституция көшесі, 25 мекенжайындағы үйге салынған.  Муралдың биіктігі 15 метр.

«Мурал пуантилизм техникасымен, яғни, көп нүктеден құралып салынған. Муралдың суретшісі Адай Исажанов, ол заманауи көркемдік техникалар арқылы ұлы әншінің бейнесін қайта жасап шығарды», - деп жазады сайт.