Халықтың сүйікті әншісі жаңа әнінің бір шумағын айтып берген
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс жазып жатыр. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, романс бірнеше күнде тыңдарманына жетеді.
«Бүгін жаңа романс жазып жатырмын. Бірінші тыңдарманым – Бауыржан Рахымбеков. Романстың әнін жазған Индира Елубаева, өлеңін жазған Айдар Сайлауов, өңдеген Мәди Айжанов. «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс 3-4 күнде дайын болады», - деген Мақпал Жүнісова.
Әншінің айтуынша, романс радиоға өңделеді. Мақпал Жүнісова жаңа әнінің бір шумағын орындап-ақ, тыңдармандарының жүрегін жаулап алған.