Әзербайжанның әртістері Астанада гала-концерт өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Ертең елордада Әзербайжан елінің мәдени күндері басталады

Фото: www.trend.az/

24-26 қыркүйек күндері Астанада Әзербайжанның мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 қыркүйек күні «Физули-530» кітабының тұсаукесері және этно-джаз концерті өтеді. 25 қыркүйекте Қазақстан мен Әзербайжанның ұлттық кітапханалары өзара меморандумға қол қойып, жазушы Эльмира Ахундованың кітабының тұсаукесер рәсімі өтпек.  Ал, 26 қыркүйек күні Әзербайжанның заманауи өнері және Томирис иконографиясы туралы дәріс оқылады.

«Басты іс-шара, яғни, гала-концерт 26 қыркүйек күні Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрында өтеді деп жоспарланған. Гала-концертте Әзербайжанның халық әртістері өнер көрсетеді», - деп хабарлайды мәдениет министрлігі.