Димаштың әндерінен кейін қазақша үйренген шетелдік әйел Көшпенділер ойынында жүр

Автор: Темірхан Айжан

Ол көшпенділер ойындарының қатты ұнағанын айтты

Фото: скриншот

Димаш Құдайбергеновтың егде жастағы жанкүйері швейцариялық Эстер Ульман Қазақстанға бесінші рет келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Астана өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалап жүр.

«Сәлеметсіз бе, Қазақстан, мен көшпенділер ойындарын және Димаштың концертін көруге келдім. Іс-шара өте керемет ұйымдастырылған. Маған қатты ұнады», - дейді  ол.

Швейцариялда тұратын 65 жастағы Эстер Ульман Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына ғашық болып, қазақ тілін үйренген. Ол қазақтың салт-дәстүріне қызығады, қазақша әшекейлер тағып, ұлттық тағамдарды әзірлей алады.