Мамандар көлік инфрақұрылымын Қытайдың Қазақстандағы туризміне әзірлейді
Көлік министрлігінде өткен жиналыста 2025 жылғы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылына дайындық мәселесі пысықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлік министрінің төрағалығымен ҚР ТСМ Индустрия және туризм комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Kazakh Tourism, Қазақстан темір жолы, ҚазАвтоЖол, әуежайлар, әуе компаниялары және теміржол вокзалдары басшыларының қатысуымен келесі 2025 жылы орын алатын Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы бойынша жиналыс өтті.
2023 жылы Қытайдан келген туристердің ағыны 367 мың адамды құраған, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 есе көп.
Көлік министрі Марат Қарабаев келесі жылға дайындықты бастауды тапсырды.
Мәселен:
Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы Туризм жылы салтанатты түрде ашылған болатын. Ал келесі, 2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді.