$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2024, 13:49
Мәдениет

Әйгілі әнші Иза Байзақовтың домбырасы табылды

Бұл домбыраны ақын 1942 жылы туған жеріне келгенде досы Мүпти Ахметовке тарту еткен

Әйгілі әнші Иза Байзақовтың домбырасы табылды
Фото: Pavlodarnews.kz

Әйгілі әнші-композитор Иза Байзақовтың домбырасы Павлодар облысының Ертіс ауданынан табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Басылым мәліметінше, мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде қала тұрғындары әйгілі жерлесіміз, ақын, әнші-композитор Иса Байзақов ұстаған көне домбырамен танысты.

Дауылпаз ақынның өз қолымен ұстаған мұндай жәдігер өңірімізде тұңғыш рет табылып отыр.

Көне аспап жайында Исаның Үлгілі ауылындағы музейін алғашқы ұйымдастырушы, ардагер ұстаз, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Күләш Әбиева әңгімелеп берді.

«Бұл домбыраны ақын 1942 жылы туған жеріне келгенде досы Мүпти Ахметовке тарту еткен. Бұл өңіріміз үшін таңғаларлық жаңалық болып отыр. Себебі, ақынның туған жеріндегі музейлерде мұндай жәдігер жоқ», – деп атап өтті ардагер ұстаз Күләш Әбиева.

Келер жылы тарихи тұлғаның туғанына 125 жыл толады. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ақынның мерейтойы қарсаңында зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Соның бір нәтижесі – осы көне жәдігер.

Серіктес жаңалықтары