Димаш Құдайберген Virtuosos v4+ байқауындағы жас талантты Қазақстанға шақырды

Автор: Мира Байбек

Әнші байқаудағы ең қызықты сәттің видеосын жариялады

Фото ашық дереккөзден

Әлемге әйгілі әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген желідегі парақшасында Virtuosos v4+ шоуындағы видеоны жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видеодан әншінің словакиялық 15 жастағы скрипкашы Тео Гертлердің виртуоздық ойынына тәнті болғанын көруге болады. Димаш Құдайберген жас талантты Қазақстанға келуге шақырды.

«Мен сенің жанкүйеріңмін», - деді Димаш жас музыкантқа.

Желі қолданушылары жазба астына «Біздің Димаш керемет әнші ғана емес, жастарға қолдау білдіре алатын мотиватор да! Осы бағдарламада қазылар алқасы болғаныңыз үшін рахмет!», «Қаншама талантты балалар, жастар бар. Бала көңілі қандай таза! Олардың бәрін үнемі осылай қолдап жүру керек! Олардың дарынын тани білген, құрметтеген Димашқа рахмет!», «Сіз жақсылықтың елшісісіз» деп пікір білдірген.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Virtuosos V4+ таланттар байқауына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысқан болатын. Жоба финалистері Венгрия, Польша, Словакия, Украина және Чехиядан келген жас музыканттар болды.