Әлемге әйгілі итальяндық әнші Тото Кутуньо қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ұзақ жылдар бойы бойындағы дертпен күрескен

Фото: РИА Новости

Итальяндық әнші Тото Кутуньо 80 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орындаушының менеджері Данило Манкузоның айтуынша, Кутуньо ол ұзақ уақыт бойы дертімен күрескен. Соңғы бірнеше айда ол өзін нашар сезіне бастағандықтан, Миландағы Сан-Рафаэль ауруханасына жатқызылды. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Танымал итальяндық әншінің l'Italiano («итальяндық») және Buonanotte («Қайырлы түн») әндерін білмейтін жан кемде кем.

1980 жылы Кутуньо «Solo noi» әнімен танымал Санремо музыкалық байқауының жеңімпазы болды. Ал 1990 жылы Еуропаның бірлігі туралы айтқан «Іnsieme:1992» әнімен «Евровидение-1990» байқауында жеңіске жетті.