Ыстамбұлда Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиум өтеді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Симпозиумға Түркиядан 30-дан астам және шетелден арнайы шақырылған 11 хор қатысады

Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиумы (WSCM) биыл Ыстамбұлда өтеді. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметінше, симпозиум  бес күнге жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

25-30 сәуір аралығында Ыстамбұлдағы Ататүрік мәдени орталығында әлемнің ең үздік хор ұжымдары мен тәжірибелі мамандары жиналады. Дүниежүзілік хор музыкасы симпозиумы (WSCM)  Халықаралық хор музыкасы федерациясының (IFCM) соңғы алты жылдағы ең үлкен іс-шарасы саналады. Бес күнге жоспарланған симпозиум пандемиядан кейінгі алғашқы әлемдік байқау болмақ.

«Биылғы Дүниежүзілік хор музыкасы симпозиумының тақырыбы – Көкжиекті кеңейту. Жер шарындағы барлық ұлт пен ұлысқа тән ән айту дәстүрін құрметтеу, әлемнің әртүрлі аймақтарын бір біріне таныстыру және хор музыкасының барынша әртүрлі баламаларын қамту – басты мақсат. Конгресс туризмінде көп жылдық тәжірибесі бар Ыстамбұл Бейоглының көрнекті жерлеріне бес континенттегі 28 түрлі елден 50-ден астам баяндамашы, мыңнан астам суретші және 2000-нан астам қатысушының басын қосып, ортақ жобаларды жүзеге асырудың жолдарын қарастырады», - деп хабарлады Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі.

Симпозиум бағдарламасында хор музыкасының әртүрлі стильдері мен дәстүрлері ұсынылған. Түркиядан және шетелден келген әртістерге арналған бірқатар концерттер, көрмелер, шеберлік сабақтары мен іс-шаралардан тұратын шара мәдениеттер мен өркениеттерді біріктіруге ықпал етеді. Симпозиумға Түркиядан 30-дан астам және шетелден арнайы шақырылған 11 хор қатысады. Түрік және шетелдік хор ұжымдары Бейоглудың Галат Мевлеви үйі, Әулие Антуан шіркеуі және Гранд Пера сияқты көрікті тарихи орындарында әр кеш сайын 40-тан астам қойылым көрсетеді.

Дүниежүзілік хор симпозиумы шеңберінде Ататүрік мәдени орталығының даңқты сахнасында Эстониядан Грэмми сыйлығын алған Эстония филармониясының камералық хоры, Индонезиядан Батавия Мадригал әншілері, Ливаннан Файха ұлттық хоры, Джорджия мемлекеттік университетінің әншілері өнер көрсетеді. АҚШ-тан және Габоннан Ле Чант Сур Ла Лоу, сондай-ақ Испаниядан Лейоя Кантика Корала, Пуэрто-Рикодан Орфеон Сан-Хуан Баутиста, Швециядан София Вокаленсамбль, Тайваньдан Тайбэй филармониясының камералық хоры, Канададан Ванкувер жастар хоры және Түркиядан мемлекеттік хоры.

Кешкі концерттер барысында шақырылған хор ұжымдары «Өзгеретін көкжиектер» тақырыбымен Симпозиумға арнайы жазылған шығармалардың премьераларын орындайды.