Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Билеттер 23 қаңтардан сатыла бастайды

Анталияда алғаш рет «Stranger» туры аясында Димаштың ауқымды шоуы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«DimashAli» шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталия қаласындағы Ақдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды», - деп жазады Dimashali.com сайты.

Билеттердің сатылымы 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады.