Елімізде «Азия дауысы» мен «Жас қанат» ән байқаулары жанданады

Автор: Azattyq Rýhy

Осыған дейін бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтқан еді

Фото: ашық дереккөзден

«Азия дауысы» және «Жас қанат» ән байқауларын өткізу үшін «Азия дауысы» халықаралық фестивалі» қоғамдық қоры Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігімен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлады деп хабарлайды Azattyq Ruhy inform.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл «Азия Дауысы халықаралық фестивалі» қоғамдық қоры құрылғанын вице-президенті Темірлан Төлегенов айтты.

«Өкінішке орай, пандемия кезінде Азия дауысының негізін қалаушылар Мұрат Ерғалиев пен Александр Понаморев қайтыс болды. Бірақ, үшінші құрылтайшы Ирина Ковыряко біздің көмегімізбен барлық құқықтарды қалпына келтірді. Яғни, биыл «Азия дауысы», «Жас қанат» сауда атауы мен «Азия дауысы» логотипіне қатысты барлық құқықтар қалпына келтірілді. Сондай-ақ, биыл «Азия дауысы» халықаралық фестивалі» қоғамдық қорын құрдық. Алматыда «Азия дауысы» мен «Жас қанат» ән байқауларын жандандыру үшін қазір Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігімен келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Келесі жылы атақты ән байқаулары Алматыда қайта жанданатын болады деп ойлаймыз»,- деді Темірлан Төлегенов.