Ержан Максим елордадағы тыңдармандарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Жас өрендер Ержандай танымал әншімен бірге ән шырқады

Еуропадағы ән байқауында жүлдеге іліккен кішкентай жерлесіміздің Нұр-Сұлтан қаласындағы №30 мектеп-гимназияға келуі бекер емес.

Кәрі құрлықтағы жарыс кезінде осы мектептің оқушылары Ержанға ерекше қолдау көрсеткен болатын. Яғни, арнайы ән орындап, бейнероликтер жіберіп отырған. Енді жас өрендер аз уақыт аралығында танымал болып үлгерген Ержанмен бірге ән шырқау мүмкіндігіне ие болды.

Күннің суығына және сабақтардың болмайтынына қарамастан, жас әншімен кездесуге өте көп адам жиналды. Олардың арасында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар бар.

Дереккөз: 24.kz