«Қазақфильм» туындылары Бангладеште өтетін кинофестивальге қатысады

Фестиваль келер жылы қаңтардың 10-ы мен 19-ы аралығында өтеді деп жоспарланған

Фото: ашық дереккөзден

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» және Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ» фильмдері Бангладеште өтетін 18-ші Dhaka International Film Festival кинофестивалінің бағдарламасына қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Фестиваль келер жылы қаңтардың 10-ы мен 19-ы аралығына өтеді деп жоспарланған.

Даккадағы Халықаралық кинофестиваль 1992 жылдан бері Rainbow Film Society қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты - киносүйер қауымды әлемдегі жаңа фильмдермен таныстырып, кино қайраткерлердің шеберлігін және кино өндірісі жұмыстарын жетілдіру. Dhaka International Film Festival Бангладеште өтетін ең беделді фестивальдердің бірі.

«Шыракшы» фильмі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Бұл туынды 23 қаңтардан бастап прокатқа шығады.

Ал «Балуан Шолақ» картинасы есімі тарихта қалған палуан, әнші әрі композитордың өмірі туралы баяндайды. Қазақстандық прокатқа бұл фильм биыл көктемде шыққан болатын. Екі фильмді де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Сұхбат
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат